Бүгін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Қарағанды облысының құрылыс салушыларымен онлайн кездесу өткізді. Жиын барысында тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігі таныстырылды.
Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов үлестік құрылысқа ҚТК-дан кепілдікті қалай алуға болатынын, қандай құжаттар қажет екенін және онлайн-портал арқылы өтінім беру кезіндегі типтік қателерді қалай болдырмау керектігін айтты.
«Ағымдағы жылдың қаңтар айынан құжаттар тізімін 2 есеге қысқарттық. Өтініштер digital.baiterek.gov.kz онлайн порталы арқылы беріледі. Үйден шықпай-ақ өтініміңіздің статусын бақылай аласыз. Үлескерлер үшін біздің кепілдік – олардың инвестицияларының 100% ақталатындығы және үй құрылысының аяқталуы. Сондықтан үй сатып алмас бұрын объектінің заңды түрде салынып жатқанын тексеру қажет! Болмаса, үлескерлердің қаражаты ақталмайтын тәуекел салдарына әкеп соғу мүмкіндігімен бірге жосықсыз құрылыс салушылармен аяқталуы мүмкін», – дейді Салықов Олжас.
Айта кету керек, 2021 жылы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесін (homeportal.kz) іске қосты, оның «Үлестік құрылыс нысандары» бөлімінде кез келген азамат үлескерлерден қаражат тартуға қажетті рұқсаты немесе кепілдігі бар барлық заңды түрде салынған ортақ құрылыс объектілері туралы ақпаратты ала алады. Объектілер туралы мәліметтер «Қазреестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінен алынған.
Семинардың қорытындысы бойынша мұндай оқыту семинарларын тұрақты түрде, оның ішінде өңірлерде де өткізу туралы шешім қабылданды.
ҚТК Қарағанды облысының құрылыс салушыларымен онлайн кездесу өткізді