Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің (Өскемен қ.) алаңында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) өкілдерінің қатысуымен тұрғын үй құрылысын дамыту және құрылыс секторын мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша брифинг өтті. Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың, Екінші деңгейдегі банктердің, құрылыс салушылардың, БАҚ өкілдері қатысты.
ҚТК өкілдері азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталған құрылыс саласын қолдау тетіктерін таныстырды. Олардың қатарында үлестік қатысуға кепілдік беру, кешенді және аз қабатты жобаларды қаржыландыру, сатып алу арқылы жалға алу үшін тұрғын үй сатып алу, сондай-ақ «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы бар.
Аймақтық құрылыс компаниялары үшін мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды. Олардың қатарында аумақтарды кешенді дамыту жобаларына қатысу және Бірыңғай оператордың кепілдіктерін алу мүмкіндіктері баяндалды. Компаниямен өзара іс-қимылдың барлық рәсімдері Тұрғын үй порталы homeportal.kz арқылы онлайн-форматта жүзеге асырылады.
Өскемен қаласындағы брифинг тұрғын үй құрылысына қолдау көрсету тетіктерін түсіндіру және құрылыс салушылар мен үлескерлер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау мақсатында әкімдік пен ҚТК бірлесіп ұйымдастырған өңірлік кездесулер легінің бірі болды.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz


