ҚТК өңірлік өкілдіктерінің жұмыс қорытындысы шығарылды

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Өңірлік өкілдіктердің жұмысына арналған жыл сайынғы конференция өтті. Іс-шара практикалық тәжірибе алмасу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және олардың белсенді қатысуын нығайту үшін негізгі алаң болды, бұл ҚТК тарапынан қызметкерлердің кәсіби әлеуетін дамытуға бейілділігін көрсетеді.

Конференцияның ашылуы барысында ҚТК Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев 2025 жылы қол жеткізілген компания қызметінің нәтижелерін атап өтіп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

Конференция аясында кәсіби дағдыларды арттыруға бағытталған өңірлік өкілдеріне оқыту курсы ұйымдастырылды.

Конференция ең үздік деп танылған Өңірлік өкілдік пен компания қызметкерлерін марапаттау рәсімімен тамамдалды.

«Үздік өңір – 2025» номинациясы бойынша Павлодар қаласында жылжымайтын мүлік объектілерін тиімді басқарғаны үшін өңірлік өкілдер Ерболат Әбдірахманов пен Томирис Сқақова марапатталды.

Арнайы марапаттар да табысталды:

Бибарыс Сарбалин (Ақтөбе қ.) – ҚТК объектілерінде кондоминиум нысандарын басқару органдарын құру үшін «Управдом» мобильді қосымшасында нысандарды тиімді тіркегені үшін,

Бірлес Сәрсенбай (Астана қ.) – ҚТК объектілерінде күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша тиімді жұмысы үшін,

Анар Абжанова (Қарағанды қ.) – ҚТК объектілерін басқаруға белсенді қатысқаны үшін.

Сондай ақ МИБ төрағаларына алғыс хаттар табысталды:

Әлия Жаныбекова – Шымкент қаласындағы Нұрсат 41 МИБ төрайымы,

Бағдат Табышов – Ақтөбе қаласындағы Батыс 28 Г МИБ төрағасы,

Әлия Блишева – Астана қаласындағы Бірлік 17/3 МИБ төрайымы.