Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі бекітілген тұжырымдамасымен жеке құрылыс салушыларға екінші деңгейдегі банктерде берілетін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігі шеңберінде 1 шаршы метрге белгіленген баға бойынша тұрғын үйді жүзеге асырудың 50% сату үшін баға параметрлері өзгертілді:
• Астана, Алматы қалалары мен олардың қала маңындағы аймақтары үшін тұрғын үйді сату бағасы 310 мың теңгеден аспауы тиіс;
• Шымкент, Атырау, Ақтау қалалары үшін 260 мың теңгеден аспайды;
• басқа өңірлер үшін 220 мың теңгеден аспайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ қаржы агенті бола отырып, жеке құрылыс салушыларға екінші деңгейдегі банктерде берілетін кредиттер бойынша 7% сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асырады.
Субсидия алуға өтінімді портал арқылы онлайн беруге болады https://digital.baiterek.gov.kz.
Өтінімді қарау мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.
Субсидиялар алу бойынша толық ақпаратты www.khc.kz сайтынан немесе Call-center 8 7172 79-75-75, 8 8000 80 44 48 арқылы алуға болады.