Өскемен қаласының құрылыс салушылары ҚТК-ның нөлдік кепілдік мөлшерлемемен берілетін кепілдігін алды

Өскемен қаласының құрылыс салушылары — «Науан КОРП» ЖШС және «EKM COMPANY» ЖШС көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін  0%-бен  жаңа шарттар негізінде «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) кепілдігін алды.

ҚТК өңірлік деңгейде құрылыс саласын қолдаудың тиімді құралдарын енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл тетіктер тұрғын үй құрылысын ынталандыруға, мердігерлер мен құрылыс салушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға, сондай-ақ халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

ҚТК өңірлерге ұсынған негізгі құралдардың бірі — «Орда Аймақ» жаңа ипотекалық бағдарламасы. Бағдарлама өңір тұрғындарына арналған және тұрғын үйді неғұрлым тиімді әрі қолжетімді сатып алуға мүмкіндік береді. «Орда Аймақ» ипотекасын енгізу құрылыс кезеңіндегі тұрғын үй нарығын нығайтуға және өңірлік құрылыс индустриясының дамуын ынталандыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда бағдарламаға Өскемен қаласындағы 3 тұрғын үй кешені қатысуда. Объектілер тізімі кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады. Бағдарламаға қатысатын объектілер мен бағдарлама туралы толық ақпарат https://homeportal.kz/ru/orda сайтында орналастырылған.

Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде ҚТК ел аумағында құрылыс секторын дамытуға және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz