«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (Жалғыз акционері «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, бұдан әрі – Бірыңғай оператор) келесіні хабарлайды.
2022 жылғы 27 тамызда «ВВД-Құрылыс» ЖШС және «Sparkle Diamond» ЖШС-мен «Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданы, Ю. Увалиев және Көкжал Барақ көшелерінің қиылысында (сыртқы инженерлік желілерсіз) жобаланатын коммерциялық үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үй салу және орналастыру» жобасы бойынша № ДПГ 22-16-055/120 кепілдік беру туралы келісім шарт басталғаны туралы хабарлайды. Шартқа сәйкес объектіні пайдалануға беру мерзімі – 2024 жылғы 10 тамыздан кешіктірмей берілуі тиіс.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілді жағдайдың басталу фактісі анықталған жағдайда Бірыңғай оператор үш жұмыс күні ішінде көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдау мерзімі бұзылған кезде кепілді деп тану туралы шешім қабылдайды. Құрылыс объектісінің жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамасында көрсетілген мерзімнен бастап құрылыс мерзімін үш айдан үш мәрте ұзартуға жол беріледі.
Сонымен қатар, «Sparkle Diamond» ЖШС өтініштерінің негізінде бірыңғай оператор құрылыс мерзімдерін бір ұзартуды мақұлдады (2024 жылғы 10 мамырынан 10 тамызға дейін).
Бүгінгі таңда объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталмаған және объект пайдалануға беруге дайын емес.
Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт бойынша үлескерлер алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ «Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданы, Ю. Увалиев және Көкжал Барақ көшелерінің қиылысында (сыртқы инженерлік желілерсіз) жобаланатын коммерциялық үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үй салу және орналастыру» жобасы бойынша кепілдік жағдайының басталғаны туралы хабарлайды.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ объект құрылысын қайта бастау және тезірек аяқтау үшін тиісті іс-шараларға кіріседі.
Баспасөз қызметі
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі. 2720
pr@khc.kz, www.khc.kz