Жалға берілетін үй бағасы өсе ме?
Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағасы өсуі мүмкін. Құрылысшылар одағы өткізген конференцияда арнайы бұйрықпен төменгі шекті баға шаршы метріне 320 мыңнан 380 мыңға дейін өсірілгені мәлім болды. Құрылыс компанияларының уәжіне сенсек, бұл сома нарықтық шынайы бағадан төмен. Пайда тұрмақ салықтан артылмайды екен. Кезінде «Нұрлы жер» бағдарламасында ол шаршы метріне 160 мың тг көлемінде …










