Bgov.kz -бизнесті қаржылай қолдауға арналған бірыңғай терезе

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Bgov» бизнесті қолдаудың бірыңғай порталын іске қосты. Портал кәсіпкерлік субъектілерінің барлық санаттағы – микродан бастап ірі бизнеске дейін қаржылық қолдау алу процесін жеңілдету мақсатында әзірленді.
Bgov.kz порталы  «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және «Бәйтерек» холдингі және оның  «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ,  «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Qazaqstsan Investment Corporation» АҚ және «KazakhExport» ЭСК» АҚ қоса алғанда, еншілес ұйымдары көрсететін қызметтерді ұсынады.
Бүгінгі таңда портал қаржылық қолдаудың алты негізгі бағытын қамтиды: несиелеу, субсидиялау, лизинг, сақтандыру, кепілдік беру және инвестициялау.
Платформа кәсіпкерлерге бизнестің көлемі мен қызмет түріне байланысты қажетті қолдау құралын табуға, онлайн өтініш беруге және барлық кезеңдерде өтінімді қарау процесін бақылауға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі 2720
pr@khc.kz, www.khc.kz