«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» таза табысының 70%-ын «Бәйтерек» холдингіне дивиденд ретінде төлемек
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Қазақстан қор биржасына оның жалғыз акционерінің 2024 жылғы 15 мамырдағы шешімін хабарлады. Құжатқа сүйенсек, былтыр акционерлік қоғам 41,85 млрд теңге мөлшерінде таза табыс тапқан. Енді компания бұл қаражатты екіге бөлмек. Атап айтқанда бір бөлігін дивиденд төлеуге жұмсап, қалғанын компанияның иелігінде қалдырмақ. «Жалғыз акционер, соның ішінде келесі шешімдерді қабылдады. Компанияның 2023 жылға …









