«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ құрылыс компаниялардың ESG-күн тәртібіне қатысуын зерттеді
Тұрақты құрылыс – Қазақстанның құрылыс саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Жаһандық климаттық сын-қатерлер, халық санының өсуі және қоршаған ортаға жүктеменің артуы көптеген компанияларды өз қызметінің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік аспектілеріне назар аударуға итермелейді. Бұл мәселелер Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртек бейтараптылығына қолжеткізудегі өршіл мақсаттары аясында ерекше өзекті болып отыр. Бұл процесте жаһандық CO₂ шығарындыларының 20%-дан …










