Jusan қосымшасында құрылыс салушыларды тексеру сервисі іске қосылды

«Құрылыс салушыны тексеру» жаңа цифрлық сервисі Jusan қосымшасында мемлекеттік қызметтер бөлімінде іске қосылды.

Jusan Bank Қазақстан Тұрғын үй Компаниясымен («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) бірлесіп әзірлеген қызмет құрылыс салушының ҚТК кепілдігі немесе әкімдіктің салынып жатқан тұрғын үйге үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Құрылыс салушыны тексеру үшін Компанияның атауын (кемінде 4 таңба) немесе оның БСН енгізу жеткілікті. Егер құрылыс салушыда ҚТК кепілдігі немесе әкімдіктің рұқсаты болса, сервис салынып жатқан және аяқталған объектілер туралы, олардың мекенжайы, құрылыс мерзімі, рұқсат құжаттары туралы ақпаратты көрсетеді. Жаңа сервис азаматтарға құрылыс салушыны алдын ала тексеріп, салынып жатқан тұрғын үйге инвестиция салу тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Осыған ұқсас қызмет «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Halyk, «Еуразиялық банк» АҚ-ның Smartbank, «Банк Центр Кредит» АҚ-ның bcc.kz мобильді қосымшаларында ҚТК-мен бірлесіп ұсынылған.