2021 жылғы жылдық есептер конкурсына қатысушыларды марапаттау рәсімінде ҚТК «Қаржы секторындағы 2021 жылғы Үздік жылдық есеп» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.
Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстанда қаржылық емес есептілікті дайындау тәжірибесін дамыту. Ұйымдастырушылар – «Қазақстан қор биржасы» АҚ атап өткендей, конкурсқа қатысушылар есептерінің әртүрлі сипаттамаларын бағалауды ескеретін жылдық есептерді саралау тәртібі әзірленді. Барлығы 150 критерий бойынша сынға түсті. Жұмыстарды бағалауды KASE қызметкерлері, сондай-ақ жылдық есептерді бағалау және дайындау саласындағы қазақстандық сарапшылар жүргізді.
Байқауға барлығы 23 компания қатысты.
– Осы іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін конкурсты ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз. «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ үшін жылдық есептер конкурсына қатысу біздің ашықтығымызды көрсетудің жақсы тәсілі екенін атап өткім келеді, – дейді «ҚТК» АҚ Талдау және стратегия департаментінің директоры Рауан Хадесов.