«KHC Workshop 2024» іс-шараcындағы цифрлық шешімдер мен заңнамалық бастамалар

2024 жылғы 22 қазанда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-да (бұдан әрі – ҚТК) ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы  және Құрылысшылар одағы, мемлекеттік органдар, кәсіби қауымдастықтар, аудиторлар, белгілі құрылыс және инжинирингтік компаниялар өкілдерінің қатысуымен «KHC Workshop 2024» іс-шарасы өтті.

ҚТК тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту жобаларына жеке инвестицияларды тартуға бағытталған жаңа өнім тұжырымын – жаңартуға (реновацияға) кепілдік беруді ұсынды. ҚТК өкілдері мен аудиторлық компаниялардың сарапшылары құрылыс компанияларының қаржылық аудит есептілігінің ашықтығы мен сапа деңгейін көтеру қажеттілігін талқылады. Қаржылық есептіліктегі типтік қателіктерге және құрылыс компанияларының халықаралық стандарттар бойынша тұрақты аудитінің қажеттілігіне, құрылыс салушылардың кәсіби бірлестіктері базасында қаржылық есептіліктің бірыңғай репозиторийін қалыптастыруға назар аударылды.
Іс-шараға қатысушыларға үлестік құрылыс туралы заңнамаға енгізілуі жоспарланудағы жаңалықтар таныстырылды. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды (ҮҚШ) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Қазреестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту жөніндегі жоспарлар көрсетілді. Атап айтқанда, мемлекет тарапынан қызмет көрсету мерзімін қысқарту және бизнес-процесті оңтайландыру мақсатында жүйеде жаңа  –  әкімдіктердің  үлескер қаражатын тартуға рұқсат беру функционалы әзірленді. Сондай-ақ 2025 жылдан бастап ҮҚШ-ні тіркеу реті сияқты «Қазрестр»АЖ-да тұрғын үй-құрылыс кооперативі (ТҚК) мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ТҚК  қатысу шарттарын бір орталықта тіркеп, есебін жүргізу көзделуде. Сонымен қатар ҚТК  «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесінің үлестік құрылыс объектілері туралы ақпаратты қарау және ҚТК қызметтерін алу үшін ыңғайлы пайдаланушы интерфейсі бар жаңартылған дизайнымен таныстырды (homeportal.kz).
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Тұрсынбайұлы Әбдиев тұрғын үйлерде  халықтың барлық топтары үшін қолайлы жағдай жасау маңыздылығын атап өтіп, заманауи тұрғын үйде инклюзивті орта құру тұжырымын ұсынды.
Отандық компанияларға шетелдік нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан экспорттық-кредиттік агенттігінің құрылыс салушыларға арналған қолдау құралдары да ұсынылды.

Азаматтарға үлестік қатысушылар ретінде өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда қолдау көрсету мақсатында ҚР заңдары мен НҚА негізінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша консультация беретін, сондай-ақ  үлестік құрылыс объектілерін үлескерлерді тартуға ҚТК кепілдігі немесе әкімдік рұқсаты бар/жоқтығын тексеруді жүзеге асыра алатын жасанды интеллект енгізілген  үлескерлерді қолдау Онлайн-орталығының  бета нұсқасы ұсынылды.
Құрылыс компанияларына құрылыс материалдарының онлайн-платформасының мүмкіндіктері жеке таныстырылды (www.material.kz), қатысушылар құрылыстағы баға белгілеудің ашықтығы үшін құрылыс материалдарын тауар биржаларына шығарудың перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.
«Құрылыс компаниялары қызметін цифрландыру және ашықтығын арттыру – тұрғын үй нарығын тұрақты дамытудың кілті.  ҚТК-нің тозығы жеткен үйлерді жаңғырту ұсыныстары азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға және тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартып, қалаларымыздың сәулеттік келбетін жақсартуға үлес қосады», – деп атап өтті ҚТК Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев.

Іс-шараның тағы бір өзекті тақырыбы  – үлестік тұрғын үй құрылысы мен жалға берілетін тұрғын үйдің «көлеңкелі» нарығын зерттеу нәтижелері, оның ішінде бірінші рет бейресми түрде жалға берілетін тұрғын үй көлемі көрсетілді.  Үлестік және жалға берілетін тұрғын үйлердің шамамен 67% елімізде заңсыз тәсілмен сатылады. Іс-шараға қатысушылар «көлеңкелі» секторды зерттеуде анықталған заңсыз схемалармен күресу жағдайында нарықты бақылау мен мониторингілеуді күшейту қажеттілігін атап өтті.
Форум қорытындысы азаматтар мен инвесторлардың сенімін арттырудың нық қадамдарын, замануи тұрғын үй нарығы мен тұтастай Қазақстандағы құрылыс секторын дамытудағы тұрақты траекторияны көрсетті.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі 2720 pr@khc.kz, www.khc.kz