Material.kz-те 280-нен астам өндіруші/жеткізушінің құрылыс материалдары ұсынылған

Құрылыс материалдарының онлайн платформасы material.kz 2022 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстан Тұрғын үй Компаниясымен («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) құрылды.

Қазіргі уақытта material.kz-те 286 құрылыс материалдарын өндірушілер мен жеткізушілер тіркелді, олар 820-дан астам құрылыс материалдарын жариялады.

Мaterial.kz қалай қоладана аламыз? Тіркеуден өткеннен кейін қазақстандық өндірушілер құрылыс материалдарының өз ассортиментін жариялай алады, сондай-ақ құрылыс материалдарының қажеттіліктерімен таныса алады және қажет болған жағдайда құрылыс салушыларға электрондық коммерциялық ұсыныстарды жібере алады. Түскен коммерциялық ұсыныстар туралы хабарламалар құрылыс салушылардың «жеке кабинетіне» түседі, онда олар өтінімдерді зерттеп, ең тиімдісін таңдай алады.

Құрылыс материалдарының онлайн платформасы тұжырымдаманы іске асырудың ашықтығын арттыруға, Қазақстанда тұрғын үй құрылысының құнын төмендету үшін жағдай жасауға, сондай-ақ отандық құрылыс материалдарын өндірушілер мен құрылыс салушылар арасындағы өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы етуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда тұжырымдама шеңберінде құрылыс материалдарына қажеттілік 63,2 млрд теңгені құрайды. Ең үлкен қажеттіліктері бар өңірлерге: Атырау, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстары, сондай-ақ Астана қаласы жатады.

Құрылыс материалдарының онлайн платформасымен келесі сілтемеде толығырақ танысыңыз: https://www.material.kz