Sustainable Fitch ҚТК-ның тұрақты даму тәжірибелерін жоғары бағалады

Қазақстан Тұрған үй Компаниясы («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы, Компания) алғаш рет Sustainable Fitch агенттігінің тәуелсіз бағалауынан өтіп, оның қорытындысы бойынша жоғары ESG-рейтинг — «2» (67 балл) иеленді. Бұл көрсеткіш ESG-практикалардың жоғары деңгейде қалыптасқанын айқындайды.

Алынған нәтиже Компанияда экологиялық жауапкершілік, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару (ESG) салаларындағы негізгі аспектілерді қамтитын, қалыптасқан әрі жүйелі түрде іске асырылып келе жатқан тұрақты даму жүйесінің бар екенін растайды. Жоғары баға Компанияның тұрақты даму қағидаттарын өз қызметіне жүйелі әрі кешенді түрде енгізіп отырғанын көрсетеді.

Sustainable Fitch рейтингтік бағалауынан өту Компанияның ESG-күн тәртібін дамытудағы маңызды кезең болды. Бұл Компанияға қол жеткізілген деңгейді бекітіп қана қоймай, тұрақты даму тәжірибесін одан әрі жетілдіру мен тиімділігін арттыруға бағытталған басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.

Компания алынған ESG-рейтингті алдағы даму үшін стратегиялық негіз ретінде қарастырып, қызметтің ашықтығын арттыруды, сондай-ақ инвесторлар, серіктестер және өзге де мүдделі тараптардың сенімін нығайтуды мақсат етеді.

Алдағы уақытта Компания үздік халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, бизнес-процестерге тұрақты даму қағидаттарын жүйелі түрде интеграциялауды жалғастырады және қоғам, экономика мен қоршаған орта үшін ұзақ мерзімді құндылықтарды құруға бағытталатын болады.

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz