Тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді цифрландыру шеңберінде, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Egov Mobile қосымшасы арқылы QR кодын пайдалана отырып, «Тұрғын үй порталы» клиенттерінің Жеке кабинетінде (homeportal.kz) электрондық өтінімдерге қол қою функциясын іске қосты.
Енді тұтынушыларда дәстүрлі ЭЦҚ болуы шарт емес, тек смартфон және Egov Mobile қосымшасында тіркелу қажет!