Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй
Бағдарламаның шарттары
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдар тұжырымдамасы шеңберінде (2022 жылғы 23 қыркүйекте №736 бекітілген) «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну жөніндегі бағытты іске асыруды жалғастыруда.
Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарына және тиісті келісімдер жасалған мемлекеттік/ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметкерлеріне мынадай шарттарда өткізіледі:
- Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі-20 жылға дейін;
- Бастапқы жарнасыз;
- Табыс жеткіліксіз болған кезде кепілгерлерді тарту мүмкіндігі;
- Жалға алу мерзімі өткеннен кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді;
- Жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алуды жүзеге асыру мүмкіндігі.
Бағдарламаға қатысушылар ұсынатын құжаттар тізбесі
Сатып алу құқығымен жалға беру бағдарламасы шеңберінде сату үшін тұрғын үйі болған жағдайда, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ үміткерлердің тізімдерін қалыптастыру үшін ынтымақтастық туралы тиісті келісімдер жасалған мемлекеттік/мемлекеттік емес заңды тұлғаларға хат және өткізілетін тұрғын үй бойынша ақпарат жібереді.
Мемлекеттік/ мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс нәтижелері бойынша қалыптастырылған тізімдер төлем қабілеттілігін айқындау үшін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ға жіберіледі.
Бағдарламаға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ сайтында автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады, онда қатысушылар тұрғын үйді (пәтерлерді) таңдауды және брондауды өз бетінше жүзеге асырады.
Сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй алуға үміткерге жадынама
1. Хабарлама алу
- Компания үміткердің байланыс нөміріне және электрондық поштасына бастапқы авторизациядан өту және жалға берілетін тұрғын үй алуға өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлама (шақыру) жолдайды.
2. Алғашқы авторизация және өтінім беру
- Үміткер Тұрғын үй порталы ақпараттық жүйесіндегі Жеке кабинет арқылы нұсқаулыққа сәйкес өтінім беруі қажет;
- Өтінім беру мерзімі: хабарламаны (шақыруды) алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде.
3. Қажетті құжаттар
- Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі сілтеме бойынша қолжетімді;
- Ұсынылған құжаттар Компанияның талаптарына сай болуы тиіс;
- Қажет болған жағдайда Компания қосымша құжаттар сұратуы мүмкін.
4. Өтінімді қайта өңдеуге қайтару
- Өтінім қайта өңдеуге ең көп дегенде 2 рет қайтарылуы мүмкін:
– Бірінші рет — күнтізбелік 5 күн ішінде түзетулер енгізу қажет;
– Екінші рет — күнтізбелік 3 күн ішінде түзетулер енгізу қажет.
5. Төлем қабілеттілігін бағалау кезінде ескерілетін көрсеткіштер
- Анықтамамен расталған табыс:
– негізгі жұмыс орнынан — соңғы 6 айда (кемінде);
– қосымша жұмыс орнынан (бар болса) — соңғы 12 айда (кемінде);
– ЖК үшін — 36 айда (кемінде);
- Премиялар, 24 айға анықтама берген жағдайда;
- Қолданыстағы несиелер бойынша ай сайынғы төлемдер;
- Отбасын асырау және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындар;
6. Өтінімді қарау қорытындысы бойынша оң шешім алғаннан кейінгі іс-әрекеттер
Төлем қабілеттілігі бойынша оң шешім алғаннан кейін үміткер келесі әрекеттерді орындауы қажет:
- Пәтерді таңдау және брондау мүмкіндігі ашылғаннан кейін 48 сағат ішінде пәтерді брондау;
- Брондалған пәтерді 2 жұмыс күні ішінде қарау;
- Жеке кабинет арқылы күнтізбелік 2 күн ішінде:
– брондалған пәтерді алу туралы өтініш жолдау;
– нотариалды құжаттарды ұсыну:
– жұбайының келісімін немесе
– некеде еместігі туралы өтінішті;
- Өтінімге тіркелген барлық құжаттардың түпнұсқаларын Компанияға ұсыну;
- Жеке кабинетке келген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ЭЦҚ/QR арқылы жалдау шартына қол қою;
- Жеке кабинетке келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ЭЦҚ/QR арқылы жалға алу төлемдерінің кестесіне және салықтар бойынша шығындардың орнын толтыру туралы хабарламаға қол қою.
📞 Кеңес алу үшін байланыс телефоны: +7 (7172) 79 75 75 (ішкі: 2791, 2783, 2786).
Жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақтар және жауаптар
Жауап:
«ҚТК» АҚ кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйді келесі санаттағы азаматтарға Меморандумдар/Келісімдер негізінде жүзеге асырады:
«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына және қандастарға;
тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға, соның ішінде мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері мен олардың ведомстволық ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне.
Жауап:
Өтінім үміткердің «ҚТК» АҚ Тұрғын үй порталындағы жеке кабинеті арқылы беріледі. Өтінімді Компаниядан SMS-хабарлама мен электрондық пошта арқылы хабарлама алғаннан кейін ғана беруге болады.
Жауап:
Егер қатысушы бұған дейін осы бағдарлама бойынша тұрғын үй алған болса, онда қайта қатысуға рұқсат етілмейді.
Жауап:
Компания үміткер толық құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оның төлем қабілеттілігін бағалап, төлем қабілеттілігін бағалау нәтижесі туралы хабарлама береді.
Жауап:
Жалға алушы жалдамалы тұрғын үйді тек өзi мен отбасы мүшелерінің тұруы үшін пайдалануға міндетті. Үшінші тұлғалардың (отбасы мүшесі/жақын туыс емес) тұруы тұрғын үйді субарендаға беру фактісі ретінде қаралады.
Субаренда фактісі расталған жағдайда, кейіннен сатып алу құқығымен жасалған жалдау шартының талаптарына сәйкес Компания жалға алушыға екі айлық жалдау төлемі мөлшерінде айыппұл салады.
Қайтадан субарендаға берген жағдайда, Компания шарттың елеулі талаптарын бұзу ретінде жалдау шартын бұзуға құқылы.
Жауап:
2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жалдамалы тұрғын үй алу өтінімін қарау үшін комиссия алынбайды.
Жауап:
Жалдау төлемдерін төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда жалға алушы әрбір кешіктірілген күн үшін жалдау төлемінің мерзімі өткен сомасынан 0,2 % (нөл бүтін оннан екі пайыз) мөлшерінде өсімпұл (айыппұл) төлеуге міндетті. Жалдамалы тұрғын үй бойынша жалдау, коммуналдық және пайдалану қызметтерін уақтылы төлемеу — кейіннен сатып алу құқығымен жалдау шартының талаптарын бұзу болып есептеледі және шартты бұзу үшін негіз болып табылады.
Жауап:
Жалға алушыны басқа жалдамалы тұрғын үй нысанына, оның ішінде аумағы үлкенірек немесе кіші тұрғын үйге көшіру қарастырылмаған және рұқсат етілмейді.
Жауап:
Тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу шарт тіркелген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң, коммуналдық және пайдалану қызметтері бойынша берешек болмаған жағдайда мүмкін болады.
Мерзімінен бұрын сатып алу тұрғын үйдің қалдық құнын және нақты есептелген сыйақыны толық төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Жауап:
Жалдау төлемінің мөлшері тұрғын үйдің ауданы мен жалдау мерзіміне байланысты анықталады.
Жауап:
Коммуналдық қызметтер мен салықтар бойынша шығындар жалдау төлемінен бөлек, жалға алушының өз қаражаты есебінен төленеді.
Жауап:
Шарт бойынша барлық міндеттемелер толық орындалған жағдайда, тұрғын үй жалға алушының меншігіне өткізу туралы жылжымайтын мүлікті беру шарты жасасу арқылы рәсімделеді.
Жауап:
Кепілді берушіні алып тастау немесе ауыстыру шартқа қол қойылған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ пайдасына төлемдерді қабылдайтын агент-банктердің тарифтері
| Агенттің атауы | ЕДБ филиалдары (қолма-қол ақша) | Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының желісі (қолма-қол ақшасыз төлем) |
«Kaspi.kz» АҚ Қосымша арқылы | қарастырылмаған | мобильді и интернет банкинг – 0,00 теңге; өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы – 0,00 теңге |
| «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | 0,3%, минимум 250 теңге | Банк белгілеген тариф бойынша |
| «Банк Центр Кредит» АҚ | 150 теңге | Starbanking/банкоматтар/терминалдар: – қолма-қол ақшаны пайдалану – 70 теңге, – қолма-қол ақшасыз – 50 теңге |
| «ForteBank» АҚ | қарастырылмаған | мобильді және интернет-банкинг – 0,00 теңге; өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы – 100 теңге |
| «Казпочта» АҚ | 230 теңге | 230 теңге |
Жалға алу арқылы сатып алуды өтеу үшін шарттар:
Ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде
- Клиент ҚТК-на мерзімінен бұрын өтеу сомасын көрсете отырып, белгіленген үлгідегі анықтамамен жүгінуі керек.
- Өтінім жіберілген күні көрсетілген соманы шотыңызға салыңыз.
- Несие менеджерінің қоңырауынан кейін жаңа төлем кестесіне қол қою үшін Компанияның кеңсесіне барыңыз.
Толық мерзімінен бұрын өтеумен.
- Клиент толық өтеу сомасын, сондай-ақ өтінішті өңдеу сомасын көрсетуі керек.
- Жеке шотыңызға ақша салыңыз.
- Белгіленген нысан бойынша ҚТК-на өтініш беріңіз.
- Несие менеджерінің қоңырауынан кейін жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды алу үшін Компанияның кеңсесіне барыңыз.
Толық мерзімінен бұрын және ішінара мерзімінен бұрын өтеуге барлық өтініштер info@khc.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Проблемалық қарызды реттеу шаралары
- Қарызды реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға/жалға алушыға/сатып алушыға қатысты қолданылатын шаралар
Міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыз пайда болған жағдайда қарыз алушы/жалға алушы/сатып алушы қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен Компанияға жүгінуге құқылы.
Төлемін бөліп төлей отырып, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары/сатып алумен жалдау шарттары бойынша мерзімі өткен қарызды қайта құрылымдау келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:
- жалдау шарты бойынша міндеттемелерді орындауды кешіктіргені үшін есептелген өсімпұлды есептен шығару;
- жалдау төлемдері бойынша қарыздың амортизациясы;
- жалдау төлемдерін енгізуді кейінге қалдыру;
- кепілдік жарнаны қалпына келтіру мерзімін өзгерту;
- дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау.
Ипотекалық шарттар бойынша мерзімі өткен қарызды қайта құрылымдау келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:
- мерзімі өткен қарызды 3 айдан 36 айға дейін немесе шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін амортизациялау;
- төлемді кейінге қалдыру жолымен қарызды қайта құрылымдау;
- борыштық міндеттемелерді өзгеге беру/меншік құқығын қайта ресімдеу;
- проблемалық қарыз бойынша талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға беру;
- проблемалық қарыздар бойынша өсімпұлдарды есептеу/сторнирлеу/есептен шығару;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және Компанияның ішкі құжаттарында тыйым салынбаған проблемалық қарыздарды қайта құрылымдаудың өзге де әдістері.
- Қарыз алушы/жалға алушы/сатып алушы талаптарды орындамаған жағдайда Компания қолданатын шаралар
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына және шарттардың талаптарына сәйкес қарыз алушы міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда белгіленген тәртіпте Компания:
- атқару жазбасын жасау үшін нотариусқа жүгінуге;
- шартты бұзу, қарызды өндіру және жалға алушыны (және онымен бірге тұратын адамдарды) тұрғын үйден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;
- қарызды өтеу үшін қарыз алушының кез келген банктік шоттарынан ақшаны акцептсіз және даусыз алуды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарт талаптарында көзделген кез келген шараларды қолдануға, оның ішінде шартты орындау талаптарын өзгертуге, шарт бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюға; сондай-ақ кепілге салынған мүліктен өндіріп алуды соттан тыс тәртіпте (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе сот тәртібімен жүзеге асыруға құқылы.
Кепілгерді алып тастауға өтініш