Құрылыс салушы «STROY OPT» ЖШС және уәкілетті компания «Nurly Zhol Ltd» ЖШС «Kokjiek» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның кепілдігін алды.
Тұрғын үй кешені Астана қаласы, Алматы ауданы, А104, А127, А431 көшелерінің қиылысындағы 13 учаскесінде орналасқан.
1 кезек 10 блоктан 1,5,9,12 қабаттық жалпы пәтер саны — 607, оның ішінде:
бір бөлмелі — 336,
екі бөлмелі — 123,
үш бөлмелі — 148.
Коммерциялық үй-жайлар: 11, паркинг орны – 243.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша жайлылық класы — IV.
Еденнен төбеге дейін биіктігі — 3 м.
Пәтерлер бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Nurly Zhol Ltd» ЖШС жүзеге асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz
