«ҚЖК» АҚ өз қызметінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін теңгерімді басқару арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге ұмтылады.
Біз тұрақты дамуды қызметіміздің басым бағыттарының бірі ретінде анықтадық және бұл тәсілді Даму стратегиясында белгіледік.
Біз тұрақты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге, басқару шешімдеріне және тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға біріктіруге тырысамыз. Біз үшін тұрақты даму ашықтықты арттырудың және қоғам мен мемлекет үшін ұзақ мерзімді құндылықтарды жасаудың негізі болып табылады.
Біздің стратегиялық мақсаттарымызды іске асыру тиімді басқару жүйесін құруға, ESG көрсеткіштерін жақсартуға, мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді нығайтуға және климаттық және әлеуметтік бастамаларды дәйекті түрде жүзеге асыруға бағытталған.
«ҚТК» АҚ-да Тұрақты даму саясаты бекітілді. Оның ережелері Компанияның барлық қызметкерлері мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуге, олардың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру, ішкі құжаттарды әзірлеу, ақпарат тарату және басқа да байланыс түрлеріне әсер ететін бөлігінде сақталуы тиіс.
ISO 45001 — Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті
ISO 14001 — Экологиялық менеджмент жүйесі
Тікелей әсер ету
Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым
Теңсіздікті қысқарту
Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар
Жанама әсер ету
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлес туралы толық ақпарат Компанияның Жылдық есебінде ұсынылған.
2025 жылдан бастап ҚЖК Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартының мүшесі әрі белсенді қатысушысы болып табылады және оның қағидаттарына бейілділігін қолдайды.
Тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларды басшылыққа ала отырып, Компания БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын ұстанады және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын өз қызметіне интеграциялайды.
Адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларындағы Жаһандық шарттың он қағидаты жалпыға бірдей келісімге ие және келесі халықаралық құжаттарға негізделген:
ҚТК-дағы тұрақты даму мүдделі тараптардың тиімді өзара әрекеттесуімен тығыз байланысты.. Серіктестермен, клиенттермен, қызметкерлермен, жергілікті қоғамдастықтармен, мемлекеттік органдармен және өзге де стейкхолдерлермен ашық диалог пен ынтымақтастық тұрақты даму саласындағы мақсаттарымызға қол жеткізудің негізгі факторлары болып табылады.
Өзара іс-қимыл жасау үшін корпоративтік есептілік, Компанияның ресми веб-сайты, форумдар, көрмелер, кездесулер және өзге де іс-шараларға қатысу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және Компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланымдар сияқты негізгі құралдар қолданылады.
Компанияда мүдделі тараптармен өзара іс-қимылға жүйелі көзқарасты қамтамасыз ететін Стейкхолдерлер картасы бекітілген.
Жылдық есепті дайындау аясында Компания жыл сайын тұрақты даму саласындағы Компания қызметінің маңызды аспектілерін анықтау үшін сыртқы және ішкі мүдделі тараптар арасында сауалнама жүргізеді.
Құрылыс салушылардың кепілдендіру және субсидиялау қызметі аясында тұрақты даму қағидаттарын енгізу деңгейін анықтау мақсатында Компания құрылыс компанияларының ESG-күн тәртібіне қатысу деңгейі бойынша сауалнама өткізді.
Климаттың өзгеруі әлемдік деңгейдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Соңғы онжылдықтардағы климаттық өзгерістер қоршаған ортаға, биоалуантүрлілікке, адамдардың денсаулығына және экономикаға теріс әсерін тигізуде. Бұл үдерістердің негізгі факторларының бірі — адам қызметінің нәтижесінде парниктік газдар концентрациясының артуы.
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ климаттық тәуекелдердің маңыздылығын түсінеді және көміртек ізін азайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Компания парниктік газдар шығарындыларын GHG Protocol: A Corporate Accounting and Reporting Standard стандартына сәйкес бағалайды.
Парниктік газдар шығарындыларын бағалау Компанияның барлық қызметін қамтиды және үш санатты қамтиды:
2024 жылғы бағалау қорытындылары
Жалпы шығарындылар
1 278 541 tCO2e
1 tCO2e
4 208 tCO2e
1 274 332 tCO2e
E. Экологиялық жауапкершілік
S. Әлеуметтік жауапкершілік
G . Corporate Governance
ESG мәселелері бойынша ұсыныстарыңыз немесе сұрақтарыңыз бар ма?
Кері байланысБізге жазыңыз — біз инвесторлармен, тұрғындармен және серіктестермен ашық диалогқа дайынбыз.