Сайт бета-тестілеу кезеңінде. Уақытша техникалық олқылықтар болуы мүмкін.

Даму стратегиясы

Миссиясы: Қазақстан халқын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Көзқарас: Қазақстан халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі даму институты.

«Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы» АҚ қызметінің стратегиялық бағыттары:

  • 1-бағыт. Тұрғын үй ұсынысын қолдау

Мақсат: Жеке секторды ынталандыру және құрылыс салушыларға қызмет көрсету арқылы тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту.

Міндеттер:

  1. ЖАО облигацияларын сатып алу арқылы тұрғын үй құрылысын, сатып алуды және қайта жаңартуды қаржыландыру;
  2. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру;
  3. жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау;
  4. қала құрылысы инвестициялық жобаларын қаржыландыру.

  • 2-бағыт. Тұрғын үйге сұранысты қолдау

Мақсат: Қазақстан азаматтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру.

Міндеттер:

  1. жалға берілетін тұрғын үй беру;
  2. ипотекалық қарыздарды субсидиялау.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Даму стратегиясы