Мансап

Кадр саясат

"Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ жалғыз акционері "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ-нда және оған еншілес ұйымдарында адам ресурстарын тиімді басқару мәселелерін реттейтін Бірыңғай кадрлық саясатты қабылдады.

Бірыңғай кадр саясат персоналды басқару, ұйымдық даму және лауазымдар дизайны, персоналды іріктеу және бейімдеу, кадрлық маркетинг және жұмыс берушінің имиджін қалыптастыру, өнімділікті басқару, персоналды мадақтау, персоналды оқыту және дамыту, кадрлар резерві және таланттарды басқару, корпоративтік мәдениетті дамыту және қолдау салаларында стратегиялық жоспарлауды, сондай-ақ адами ресурстарды басқару саласындағы процестерді басқаруды сияқты салалар бойынша персоналды басқару көздейді.

Адам құқықтары саясаты

Адам құқықтарын құрметтеу "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-ның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады.

"Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-ның Адам құқықтары жөніндегі саясаты адам құқықтарын сақтауға, кемсітушіліктің барлық түрлеріне төзбеушілікке қатысты тәсілді іске асыру мақсатында әзірленді

және компанияның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық құжаттарға, Конституция мен Адам құқықтары, еңбекті қорғау, жұмыскерлер мен жұмыскерлердің құқықтарын сақтандыру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарына бейілділігін растайды.

Мансап

"Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-ның басты құндылығы оның жмыскерлері болып табылады. Біздің жұмыскерлер - өз ісінің кәсіби мамандары, мақсатты және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

"Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-да бос лауазымдарға үміткерлердің біліктілік деңгейі мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарға сәйкес, оның кәсіби қасиеттері, сондай-ақ компания ұжымында жұмыс істеу кезінде пайдалы болуы мүмкін жеке қасиеттері негізінде үміткерлерді іріктеудің конкурстық жүйесі жұмыс істейді.

"Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-ға үміткерді іріктеу қалай өтеді?
Үміткерді тіріктеу

Үміткердің бос жұмыс орындарының талаптарына сәйкестігіне түйіндемені талдау (білім, тәжірибе, кәсіби дағдылар)

Тестілеу
  • Кәсіби білімді бағалау
  • Когнитивтік қабілеттер мен жеке қасиеттерді бағалау.
Сұхбат

HR және тиісті бөлім басшысымен сұхбат

Рәсімдеу

ҚР заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу

Кешенді тексеру

Ұсынылған деректердің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинау және өңдеу

Бос лауазымға үндеме

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның өзекті бос жұмыс орындары порталда мына мекенжай бойынша көре орналастырылған jobs.baiterek.gov.kz

Порталда сіз "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ бос жұмыс орындары туралы өзекті ақпаратты таба аласыз және әрбір позиция туралы мәліметтерді біле аласыз, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінім бере аласыз.

Тәжірибе, тағылымдама, дуальды оқыту
Тәжірибеден кім өте алады:

жоғары оқу орындарының студенттері (1-4 курстар)

Тағылымдамадан кім өте алады:
  • жоғары оқу орындарының түлектері
  • бейіндік салаларда жұмыс тәжірибесі бар жас мамандар
Тәжірибеге немесе тағылымдамаға қалай өтініш беруге болады?
  1. Сауалнаманы толтырыңыз (қосымшаға сәйкес)
  2. Сауалнаманы hr@khc.kz жіберіңіз (B хаттың тақырыбын көрсетіңіз: "тәжірибе / тағылымдама / дуальды оқыту)
  3. тәжірибеден өту үшін оқу орнынан жолдаманы қосыңыз

Дуальды оқыту

Кім қатыса алады:

Жоғары оқу орындарының 2-4 курс студенттері

Артықшылықтары:
  • Теориялық оқыту мен практикалық жұмыстың үйлесімі
  • еңбек нарығының талаптарына бейімделу
  • нақты жобаларға қатысу және дипломдық жобалармен жұмыс

*Дуальды оқыту-оқыту оқу орнында және компанияда бір мезгілде өтетін дайындық форматы


Біз студенттерге практикалық тәжірибе алуға және оқу кезінде де кәсіби жолды бастауға мүмкіндік бере отырып жетекші университеттермен және білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытудамыз.

"Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ жоғары оқу орындарымен әріптестік шеңберінде түрлі бағыттар бойынша практика және тағылымдама, сондай-ақ дуальды оқыту бағдарламаларын іске асырады. Біз Astana IT University, Satbayev University, KazGASA-мен ынтымақтастықты жүзеге асырамыз.

Біз оқу орындарымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделіміз және бірлескен білім беру бастамаларына, ғылыми жобаларға және кадрларды даярлау бағдарламаларына ашықпыз.

Үздік практиканттар мен тағылымдамадан өтушілер біздің Компанияда одан әрі жұмысқа орналасуға және мансаптық өсуге мүмкіндік алады.

Практика, тағылымдама және дуальды оқыту мәселелері бойынша hr@khc.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.