ЭКСЖ Ұлттық жобасы

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы (ҚТК) 2016 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын (облигацияларын) сатып алу тетігі арқылы мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асырып келеді.

Бұл құрал Қазақстан өңірлерінде тұрғын үй құрылыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу, әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді салу және/немесе сатып алу, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жүргізу үшін қаражат тарту мақсатында облигациялар шығарады. ҚТҮК аталған облигацияларды сатып алу арқылы өңірлерді тұрғын үй жобаларын іске асыруға қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етеді.

2025 жылдан бастап ҚТК жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын (облигацияларын) сатып алу тетігі арқылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға кірісті.

Осы бағыт аясында жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік табиғи монополия субъектілерін қаржыландыру үшін облигациялар шығарады. ҚТК аталған облигацияларды сатып алу арқылы өңірлерді энергетикалық және коммуналдық сектор объектілерін одан әрі салу және/немесе жаңғырту үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етеді.

ЭКСЖ Ұлттық жобасы аясында мемлекеттік СЕМ-ді қаржыландыру тетігі
ЖАО МБҚ шығару бойынша бизнес-үдерістің сызбасы