Сайт бета-тестілеу кезеңінде. Уақытша техникалық олқылықтар болуы мүмкін.

Жалпы ақпарат

Жеке құрылыс салушылар тарапынан ұсынысты ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктер жеке құрылыс салушыларға беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы әзірленді.

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Құрметті құрылыс салушылар!

«Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ құрылыс салушылардың несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау республикалық бюджеттен қаржыландырудың жоқтығына байланысты тоқтатылғанын хабарлайды.

Қаржыландыру қайта жанданған жағдайда, сіздерге қосымша хабарланатын болады.

Кеңес қажет пе?