Субсидиялау Екінші деңгейдегі банктерге субсидиялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5% – дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша берілген кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады.
Жыл сайын мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7% -. өтеу үшін субсидиялар бөлінеді.
Жеке құрылыс салушы тұрғын үй–коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған уәкілетті орган бекіткен норматив бойынша алынған кредиттік қаражаттан әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үйдің кемінде 50% -. сатады.
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.