Жалға берілетін тұрғын үй

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы (ҚТК) 2016 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын (облигацияларын) сатып алу тетігі арқылы мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асырып келеді.

Бұл құрал Қазақстан өңірлерінде тұрғын үй құрылыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу, әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді салу және/немесе сатып алу, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жүргізу үшін қаражат тарту мақсатында облигациялар шығарады. ҚТК аталған облигацияларды сатып алу арқылы өңірлерді тұрғын үй жобаларын іске асыруға қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етеді.

Бірінші кезектегі (арендалық) тұрғын үйді қаржыландыру тетігі
ЖАО МБҚ шығару бойынша бизнес-үдерістің сызбасы