Жалпы ақпарат

Маңызды! «ҚТК» АҚ кепілдігін алуға өтінім тек қана «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде, делдалдардың қатысуынсыз қабылданады.

Кеңес алу үшін +7 7172 79 75 75 телефонына қоңырау шалыңыз.

Заңды тұлғаларға арналған бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1408.

2025 жылғы 31 тамыздан бастап Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңға үлестік құрылыс тетігін жетілдіруге бағытталған түзетулер күшіне енді.

«ҚТК» АҚ кепілдігінің мақсаты – құрылыс кезеңінде үлескерлердің қаражатын тарту есебінен, оның ішінде ЕДБ, «Отбасы Банк» АҚ ипотекалық бағдарламалары бойынша және азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен сатуды бастау.

Комиссия – 300 АЕК (жобаны қайта қарау кезінде 150 АЕК).

Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі – 0-ден 1%-ға дейін.

Мөлшерлеме Уәкілетті компанияның жобадағы жеке қатысуының нысаны мен көлеміне байланысты белгіленеді:

Меншік иесінің қатысу нысаны

Меншік иесінің қатысу мөлшері

Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі

Аяқталмаған құрылыс

25% - ға дейін

1%

25% - дан жоғары 50% - ға дейін

0,75%

50% жоғары

0,5%

Ақшалай қаражат

10% дан

1%

Жобаны республикалық маңызы бар қалалардан тыс жерлерде іске асыратын Құрылыс салушыға бірінші кепілдік беру кезінде - 0% (уәкілетті компанияның жеке қатысу шарттары орындалған жағдайда).

Өтінімді қарау мерзімі – 20 жұмыс күн.

Сараптама кезінде өтінім 10 жұмыс күні мерзімге пысықтауға жіберілуі мүмкін, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

Модерация: Құрылыс салушы және Уәкілетті компания құжаттардың, оның ішінде инжинирингтік компанияның құжаттарының толықтығын тексеруге (модерациялауға) өтінім бере алады.

Модерация мерзімі – 5 жұмыс күн. Қызмет тегін көрсетіледі.

Кеңес қажет пе?