Кепілдік алуға қойылатын талаптар

«ҚТК» АҚ-ның аз қабатты тұрғын үйлерді (5 қабатқа дейін) және жеке тұрғын үйлер кешенін (кемінде 50 үйден тұратын коттедж қалашығы) салуға кепілдігін алу үшін Құрылыс салушы келесі талаптарға сай болуы керек:

- аз қабатты тұрғын үйлерді салу кезінде (5 қабатқа дейін): республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесінің болуы;

- жеке тұрғын үйлер кешенін салу кезінде (кемінде 50 үйден тұратын коттедж қалашығы): республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесінің болуы;

- шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, өзінің аудиторлық қорытындымен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы екі қаржы жылында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;

- қарыз қаражатының және меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салудың оны пайдалануға қабылдағанға дейінгі бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы талаптарына сай болуға міндетті.

Уәкілетті компанияда болуы керек шарттар:

- мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;

- құрылыс жобасының кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттамасы (2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖСҚ-қа міндетті түрде инженерлік желілерді, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі шешімдерді қосылуы тиіс. Жобаны кезекке және іске қосу кешендеріне бөлу кезінде, оның ішінде жобаны кезең-кезеңімен пайдалануға беру үшін кезектер мен іске қосу кешендерінің құны сараптама қорытындысында расталуы тиіс);

- меншікті қаражат немесе аяқталмаған құрылыс көлемі:

         - жер учаскесіне меншік құқығы кезінде жобалау құнының кемінде 10% көлеміндегі қаражат;

         - жер учаскені жалға алу құқығымен кемінде 15% көлеміндегі қаражат;

- құжаттарды қарағаны үшін комиссияға, кепілдік шарт бойынша кепілдік жарнаны төлеуге қаражат;

- құрылыс жобасының мердігерлік шарты.

Құрылысты аяқтауға кепілдік алу және үлескерлердің қаражатын тарту үшін Құрылыс салушы және Уәкілетті компания «ҚТК» АҚ -на құрылыс жобасы бойынша құжаттар пакетімен өтінім жолдайды.

Шешім оң болған жағдайда «ҚТК» АҚ, Құрылыс салушы және Уәкілетті компания арасында кепілдік беру туралы үш жақты шарт жасалады. Шарт жасалған сәттен бастап Құрылыс салушы Қазақстан Республикасының азаматтарымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар жасаса отырып, салынып жатқан үйдегі үлесті сатуға құқылы. Бұл ретте әрбір шарт «Қазреестр» АЖ-да міндетті тіркеуге жатады.

Кеңес қажет пе?