«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) Азия даму банкімен (бұдан әрі – АДБ) бірлесіп, энергияны тиімді тұрғын үй жобасын іске асыру үшін техникалық көмек көрсету мәселесін талқылады.
АДБ-ның техникалық көмегі заманауи энергия үнемдеу технологиялары мен іс-шараларын көздейтін үлгілік жобаны әзірлеу үшін Компанияға гранттық қаржыландыруды бөлуді көздейді.
Жоба бірінші кезекте парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Бұл сондай-ақ жобалардың қаржылық жүзеге асырылуын, экологиялық таза технологияларды таңдауды, сондай-ақ қаржыландырудың неғұрлым тұрақты және тиімді тетіктерін құру жөніндегі шараларды ескере отырып, тұрғын үй секторында жасыл технологияларды іріктеу және қолдану саласындағы әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді.
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін Компания құрылысты инновациялық қаржыландыру және азаматтарға жасыл ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосу үшін «жасыл облигациялар» шығаруды жоспарлап отыр.