«ШҚО Өскемен қаласының 19 тұрғын ауданында Ю. Увалиев және Көкжал Барақ көшелерінің қиылысында орналасқан ауданы 0,7 га жер учаскесінде коммерциялық үй-жайлары және жерүсті паркингі бар көп қабатты тұрғын үй салу. Аяқталмаған құрылыс» («Diamond» ТК) объектісі бойынша кепілдік жағдайды реттеу шеңберінде «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін инвестор тарту бастамасын көтереді.
«ҚТК» АҚ жобаны іске асыру шарттарымен, нақтыланған талаптармен, сондай-ақ құрылысты аяқтау бойынша бірлескен қызметке қатысу мүмкіндіктерімен танысу үшін мүдделі инвесторларды шақырады.
Ұсынысты ұсынар алдында әлеуетті инвесторлардан жобалық құжаттамамен, қатысу шарттарымен және Компанияда қолданыстағы кепілдік жағдайларды реттеу рәсімі шеңберінде белгіленген талаптармен мұқият танысуды сұраймыз.
«ҚТК» АҚ жобаны тиімді іске асыруға және үлестік қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қарастыруға және сындарлы диалог жүргізуге дайын.
Мүдделі инвесторларды ынтымақтастыққа шақырамыз.