«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) Басқарма төрағасы Алтай Куздибаевтың ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аумақтық бөлімшесі - Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында (Орал қ.) құрылыс салушылармен тұрғын үй құрылысын дамыту және құрылыс секторын қолдау құралдары мәселелері бойынша кездесуі өтті.
Кездесуді Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан құрылысшылар одағы» РҚБ ұйымдастырды. Жиынға сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ өкілдері мен құрылыс салушылар қатысты.
Кездесу барысында ҚТК өкілдері азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталған құрылыс саласын қолдау тетіктерін таныстырды. Олардың қатарында үлестік қатысуға кепілдік беру, кешенді және аз қабатты жобаларды қаржыландыру, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу, сондай-ақ өңірлерге арналған «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы бар.
ҚТК өкілдері атап өткендей, өңірде алғашқы жобаны іске асыратын құрылыс салушылар үшін кепілдік жарнасының мөлшерлемесі 0%-ды құрайды. Бұл - өңірлік құрылыс салушыларды қолдауға бағытталған саналы түрде қабылданған шара. Сонымен қатар, ҚТК ұсынған аумақтарды кешенді дамытуды қаржыландырудың жаңа тетігі девелоперлерді құрылыстың ең бастапқы кезеңінде қолдауға мүмкіндік береді.
Компаниямен өзара іс-қимылдың барлық рәсімдері homeportal.kz Тұрғын үй порталы арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады. ҚТК құрылыс салушыларды тек жобаның бастапқы кезеңінде қаржыландырумен ғана қамтамасыз етпей, дайын тұрғын үйге кепілдендірілген сұранысты да қалыптастырады. Бұл ретте Компания өзінің «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасын, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ арқылы іске асырылатын жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды пайдаланады.
Кездесуден кейін барлық қатысушылар «Болашақ-Т» ЖШС-нің үй құрылысы комбинатын аралады. Қазіргі таңда бұл - өңірдегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салуға маманданған жалғыз комбинат.
Орал қаласында өткен брифинг – әкімдік пен ҚТК бірлесіп өткізген аймақтық кездесулер сериясының бір бөлігі болып табылады, оның мақсаты – құрылыс компаниялары мен үлескерлер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және тұрғын үй құрылысын қолдау механизмдерін түсіндіру.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz