Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының аз қабатты тұрғын үй құрылысына берілген алғашқы кепілдігі Шымкент қаласының құрылыс салушысына табысталды

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының аз қабатты тұрғын үй құрылысына берілген алғашқы кепілдігі Шымкент қаласының құрылыс салушысына табысталды

«Asar House» ЖШС және уәкілетті компания «Kainar Village» ЖШС Шымкент қаласындағы «KAINAR VILLAGE» клубтық қалашығының үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ ("Бәйтерек" ҰИХ" АҚ еншілес ұйымы) кепілдігін алды.

Аталмыш кепілдік - «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ тарапынан аз қабатты тұрғын үй құрылысы жобасына берілген алғашқы кепілдігі болып табылады.

«KAINAR VILLAGE» клубтық қалашығы үш кезектен тұрады.
Қарастырылып отырған жоба (құрылыстың I кезегі) аясында келесі нысандардың құрылысы көзделген:

  • ∙1 типті таунхаус — 2 блок, 10 пәтер;
  • 2 типті таунхаус — 2 блок, 10 пәтер;
  • Дуплекс — 7 үй, 14 пәтер;
  • 3 қабатты тұрғын үй — 2 үй, 24 пәтер.

Жоба бойынша пәтерлердің жалпы саны - 58, оның ішінде:

  • Бір бөлмелі — 6;
  • Екі бөлмелі — 12;
  • Үш бөлмелі — 16;
  • Төрт бөлмелі — 14;
  • Бес бөлмелі — 10.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үйдің жайлылық класы - III.
1-қабаттың биіктігі - 3,00 м.
2-қабаттың биіктігі - 2,70 м.
Пәтерлер бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.

Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Kainar Village» ЖШС жүзеге асырады.


«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz