БАСПАСӨЗ ХАБАРШЫСЫ

Ақсу қаласының металлургтері қоныс тойын тойлауда

Ақсу қ.                                                                                                              10 мамыр 2024 ж.

            ERG құрамындағы («Қазхром» ТҰК» АҚ) Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері жаңа пәтер кілтіне ие болды. Зауыт жұмысшылары корпоративтік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналарын бастапқы жарнасыз жеңілдікпен алған.

            Бұдан бұрын хабарланғандай, Меморандум «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен Eurasian Resources Group (ERG) арасында 2026 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жасалған болатын.

            Келісім шарттары бойынша ERG кәсіпорындарының қызметкерлерін Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде, металлургтер ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен (3,1%) 20 жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеу арқылы тұрғын үй ала алады.

            Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы бұл пәтерлерді сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй тетігі бойынша ERG кәсіпорындарының қызметкерлеріне, оның ішінде пәтер қорының 15% – жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге кезекте тұрған қызметкерлерге сатады.

Анықтама: «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (Жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады) – мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыруға, ел халқының сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілуін арттыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсету жолымен бағытталған тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ 

Баспасөз қызметі

+7 7172 797575, ішкі 2720

pr@khc.kz, www.khc.kz