Үстіміздегі жылдың 15 қарашасында Қызылорда қаласы әкімдігінде «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚТК, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) Басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков бастаған өкілдері Қызылорда қаласының құрылыс салушыларымен кездесті.
Кездесу барысында ҚТК-нің тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары: үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау, жергілікті атқарушы органда (бұдан әрі – ЖАО) кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салуды/сатып алуды қаржыландыру (ЖАО МБҚ сатып алу тетігі), жеке құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алу тетіктері (кезекте тұрғандар үшін сатып алу құқығымен жалға берілу үшін ) таныстырылды.
Исламбек Каирбеков өз сөзінде 2021 жылдан бастап Қызылордада жалпы ауданы 7,1 мың шаршы метр 1,2 млрд. теңге сомасына 2 жоба бойынша құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау жүргізілгенін атап өтті.
ЖАО және банктердің өкілдері жергілікті жерде өткізілетін құрылысқа рұқсат беру құжаттарын ресімдеу рәсімі мен ипотекалық өнімдер туралы ақпаратпен бөлісті.
Бүгінгі таңда қалада үлескерлердің қаражатын заңды түрде тарту үшін ҚТК кепілдігі және ЖАО рұқсаты бар жобалар жоқ. ҚТК өкілдері құрылыс салушыларға өтінімдерді қабылдау процестері автоматтандырылған, Тұрғын үй порталы арқылы кепілдікке, субсидиялауға немесе қаржыландыруға қашықтан өтінімдерді бере алатыны туралы айтып берді.
Кездесуде Заңды тұлғалармен жұмыс департаменті директорының орынбасары Асел Нуржанова ҚТК кепілдігін беру талаптары, шарттардың барлық түрлерін жасасу рәсімдері, субсидиялауға өтінім беру ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
2016 жылдан бастап ҚТК үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында 1 159 млрд теңге сомасына құрылысты аяқтауға 243 кепілдік берді. 2021 жылдан бастап жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетігі шеңберінде жалпы сомасы 31,2 млрд теңгеге шарттар жасалды. 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚТК құралдары арқылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 13,8 млн шаршы метрді құрады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz