Сайт бета-тестілеу кезеңінде. Уақытша техникалық олқылықтар болуы мүмкін.

Кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру 12,6%

Кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру 12,6%

Жалпы ақпарат

Қаржыландыру, Аумақтарды кешенді салу стандартына* сәйкес келген кезде, тұрғын үй құрылысының тө мендегідей нысаналы мақсаттары бойынша беріледі:

  • құрылыс-монтаж жұмыстары;
  • авторлық және техникалық қадағалау;
  • кешенді құрылыс салу объектісін салуға бөлінген аумақтар шегінде сыртқы инженерлік желілер, абаттандыру және көгалдандыру.

* Кешенді құрылыс салу стандарты – бұл «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының 2022 жылғы 24 ақпандағы шешімімен (№14 хаттама) бекітілген « А умақтарды кешенді салу стандарты (тұрғын үй құрылысын бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда)» әдістемелік құжат.

1. Жобаға қойылатын талаптар:

  • Бірыңғай оператордың уәкілетті органының шешімімен бекітілген Аумақтарды кешенді салу стандартына және Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкестігі;
  • Жоба бойынша мастер-жоспардың болуы;
  • Кешенді құрылыс жобасын іске асыру мерзімі-36 айға дейін;
  • Құрылыстың жалпы ауданы-кемінде 10 000 м2.

2. Қаржыландыру шарттары:

  • Өнім : кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру;
  • Қаржыландыру түрі: несие желісі;
  • Валюта: теңге;
  • Пайыздық жарна: 12,6%;
  • Кепілмен қамтамасыз ету: жылжымайтын мүлік;
  • ЖЭПЖ: «ҚТК» АҚ уәкілетті органы пайыздық жарнаны бекіткеннен кейін жеке есептеледі;
  • Несие желісінің мерзімі: 36 айға дейін;
  • Несие желісінің қолжетімділік мерзімі: 18 айға дейін;
  • Несие мерзімі: 36 айға дейін, бірақ несие желісінің мерзімінен аспайды;
  • Несие желісінің сомасы:
    • ең төменгі сома: 100 000 000 теңге;
    • ең жоғары сома: ЖСҚ бойынша объект құнының 30% дейін.
  • Жеңілдік кезеңі:
    • негізгі борышты төлеу бойынша-18 айға дейін;
    • сыйақы төлеу бойынша-12 айға дейін.
  • Кепілмен қамтамасыз ету: жылжымайтын мүлік.

3. Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Құрылыс салушыға қойылатын негізгі талаптар:
    • жобаларды іске асырудың табысты тәжірибесі (соңғы 3 жыл ішінде);
    • қаржылық тұрақтылық.
  • Уәкілетті компанияға қойылатын негізгі талаптар: -
    • жер учаскесі (меншікте немесе жалға);
    • сараптаманың оң қорытындысымен ЖСҚ (оның ішінде инженерлік желілерге);
    • «ҚТК» АҚ кепілдігінің немесе үлескерлердің қаражатын тартуға ЖАО рұқсатының болуы;
    • пәтерлерді белгіленген бағамен сату бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдау.

Толығырақ https://homeportal.kz/kz/pages/creditlinekzhk