Сайт бета-тестілеу кезеңінде. Уақытша техникалық олқылықтар болуы мүмкін.

ҚТК-да интернет-алаяқтықтың алдын алу семинары өтті

ҚТК-да интернет-алаяқтықтың алдын алу семинары өтті

Ақпараттық технологиялар саласындағы құқықтық ақпараттандыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-да («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) Компания қызметкерлеріне арналған «Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық негіздері және интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс барысында ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы бастығының орынбасары Аман Аубакиров сөз сөйлеп, интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрлері, жеке және банктік деректерді қорғаудың негізгі қағидаттары, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі қолданыстағы қауіп-қатерлер туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Кездесудің негізгі мақсаты - Компания қызметкерлерінің жеке ақпаратты қорғау мәдениетін қалыптастыру және интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу.

Сонымен қатар, спикер интернет-алаяқтар қолданатын, оның ішінде азаматтарға психологиялық ықпал ету тәсілдерін қамтитын кейстерді таныстырды. Ол қаскүнемдердің жиі банктердің, құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ретінде танысып, түрлі сылтаулармен азаматтардың жеке және банктік деректерін иемденуге тырысатынын атап өтті.

Іс-шара Компания қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ ұжым арасында комплаенс-мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.