Сайт бета-тестілеу кезеңінде. Уақытша техникалық олқылықтар болуы мүмкін.

Жезқазғанда алғаш рет тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға ҚТК кепілдігі берілді

Жезқазғанда алғаш рет тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға ҚТК кепілдігі берілді

«Люкс Недвижимость» ЖШС және «Novella Realty» ЖШС уәкілетті компаниясы Жезқазған қаласында «Kengir» (3-кезек) көппәтерлі тұрғын үй кешенінің (КТК) үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) кепілдігін алды.

«Kengir» тұрғын үй кешені Жезқазған қаласында, Деева көшесіндегі 2-учаскесінде орналасқан.

Тұрғын үй кешені кірпіш құрылыс технологиясымен салынған, әрқайсысы 6-8 қабатты 5 тұрғын блоктан тұрады.

Жоба бойынша пәтерлердің жалпы саны - 160, оның ішінде:

Бір бөлмелі – 4, екі бөлмелі – 72, үш бөлмелі – 56, төрт бөлмелі – 28.

Коммерциялық үй – жайлардың жалпы саны-2, жалпы ауданы 168,92 ш. м.

ЖСҚ бойынша жайлылық класы - IV.

Еденнен төбеге дейінгі биіктігі -2,85 м.

Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Novella Realty» ЖШС жүзеге асырады.

Айта кету керек, бұл Жезқазған қаласындағы Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының кепілдігін алған алғашқы нысан.