Атырауда тоқтап тұрған 4 көпқабатты үйдің құрылысы қайта жанданады

Атыраудағы “ELORDA RESIDENCE” тұрғын үй кешенінің құрылысы қайта жанданбақ. Мұнайлы астанаға арнайы іс-сапармен келген “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев пен “Қазақстан Тұрғын үй компаниясы” АҚ өкілдері алғашқы нысан 2023 жылдың соңына дейін тұрғындар игілігіне берілетінін айтты.

“Қазақстан Тұрғын үй компаниясы” АҚ басшылары Атыраудағы Нұрсая ықшамауданында салынып жатқан үйлердің жәй-күйін қарап, БАҚ өкілдері үшін пресс-тур ұйымдастырды. “ELORDA RESIDENCE” тұрғын үй кешеніндегі төрт 9 қабатты үйлердің құрылысы 2019 жылы басталды. 2021 жылғы 26 қарашада “Қазақстан Тұрғын үй компаниясы” АҚ мен “Атырау Ж.Б.И.- 2005” ЖШС, “MBS Capital” ЖШС арасында кепілдік беру туралы шарт жасалған. Шартқа сәйкес нысан 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей пайдалануға берілуге тиіс еді. Алайда, үйлердің құрылысы уақытылы аяқталмаған. Қазіргі уақытта “Қазақстан Тұрғын үй компаниясы” АҚ бастамасымен құрылысты қайта қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды.

“Заңға сәйкес, аталған нысандағы құрылыс мерзімін үш рет ұзартуды мақұлдадық. Яғни, 2023 жылдың 1 маусымына дейін үйлер берілуге тиіс еді. Алайда міндеттер орындалмады. Үлескерлер алдындағы міндетімізді орындау мақсатында тиісті шаралар атқарылып жатыр. Алғашқы нысанның құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Қалған үйлер 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін тұрғындарға берілетін болады. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаражат жеткілікті” – дейді “Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы” АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Олжас Жолдасбаев.

Компания өкілдері құрылыстың тез арада аяқталуын және белгіленген талаптың сақталуын назарда ұстайтынын айтты. Сондай-ақ аталмыш ықшамауданда баспана иелерінің жайлы өмірі үшін барлық жағдай жасалған. Кешеннің жанында балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер, спорттық нысандар орналасқан. Ал тұрғын үй кешенінің өзіне келетін болсақ, аумағында жерасты автотұрағы, балалар ойын алаңдары, демалыс орындары, абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылады. Тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында кешеннің ішкі инфрақұрылымын толықтыратын бизнес-нысандар орналасады деп жоспарланған.

Айта кетейік, “Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы” халықты сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды ұйымдастырады. Нақтырақ айтсақ, құрылыс саласын қолдау, тұрғын үй нарығындағы сұраныс пен ұсыныстардың теңгерімді өсуі үшін жағдай жасау және ипотекалық кредит беру жолымен қамтамасыз етеді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/atyirauda-toktap-turgan-4-kopkabattyi-uydn-kuryilyisyi-kayta-353266/