ТМС субсидиялау

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобаларын Ұлттық жоба шеңберінде іске асыру үшін табиғи монополиялар субъектілері тартатын қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды көздейтін мемлекеттік қолдау тетігі.

Кім субсидия ала алады?

Ұлттық жоба аясында жобаларды іске асыратын табиғи монополиялар субъектілері.

Қандай мақсаттарға беріледі?

Субсидиялар екінші деңгейдегі банктер және (немесе) халықаралық қаржы ұйымдары және (немесе) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, сондай-ақ оның құрылтай құжаттарына сәйкес айқындалған аффилиирленген лизингтік компаниясы беретін субъектілердің қарыздары (кредиттері) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету үшін беріледі.

Негізгі шарттар:

  • Қарыз валютасы — теңге;
  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі — субсидиялау туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі деңгейінен 4 (төрт) пайыздан аспайтын мөлшерлеме (сыйақының өзгермелі мөлшерлемесі үшін) немесе субсидиялау туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған TONIA (Tenge Over Night Index Average) мөлшерлемесі деңгейінен 4 (төрт) пайыздан аспайтын мөлшерлеме (сыйақының өзгермелі мөлшерлемесі үшін);
  • Субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері — қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 10%-дан асатын бөлігі бюджет қаражаты есебінен субсидияланады. Қарыз алушы 10%-ға дейінгі және 10%-ды қоса алғандағы сыйақы мөлшерлемесін төлейді;
  • Субсидиялау мерзімі — 20 жылға дейін қоса алғанда. Бір жоба шеңберінде қарыздарды субсидиялау туралы бірнеше шарт жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенті бірінші қарыздарды субсидиялау туралы шартқа қол қойған күннен бастап белгіленеді;
  • Субсидиялау екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары бойынша жүзеге асырылады;
  • Субсидиялардың жалпы көлемі қарыз бойынша негізгі борыш сомасынан аспауға тиіс;
  • Субсидиялар қаражаты тек құрылыс-монтаждау жұмыстарын, жобаны басқаруға арналған шығындарды, авторлық және техникалық қадағалау қызметтерін және жобалау-сметалық құжаттамада көзделген өзге де шығындарды төлеуге пайдаланылатын қарыздар бойынша сыйақыны өтеуге беріледі.

Өтінімді қалай беруге болады?

Өтінім электрондық түрде ЭКСЖ электрондық платформасы арқылы қажетті құжаттардың толық пакетін қоса бере отырып беріледі.

«Қазақстанның Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өтінімді қарау мерзімі:

  • құжаттардың толықтығын тексеру — 3 жұмыс күніне дейін;
  • өтінімді талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау — 10 жұмыс күніне дейін.

Өтінімге қоса берілетін құжаттар:

  1. Субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама;
  2. Іске асырылатын жобаның сипаттамасы (жобаның құрылысқа арналған рұқсат беру құжаттамасын, бизнес-жоспарын, сатып алу-сату шарттарын және т.б. қоса бере отырып, еркін нысанда қалыптастырылады);
  3. «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның оң қорытындысы;
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тарифтің өсуі мәселесі бойынша оң қорытындысы;
  5. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның қаржыландыру тетігін айқындау туралы шешімі;
  6. Жобаны іске асыру үшін кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар БВУ-дың (МҚҰ, БРК) хаты, қабылданған оң шешім туралы хаттама үзіндісін қоса бере отырып;