Құрметті клиенттер!
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 116 бұйрығы негізінде «Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына» енгізілген өзгерістерге байланысты зейнетақы жинақтарын пайдалану тәртібі өзгергенін хабарлаймыз.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемдері қаражаты ипотекалық тұрғын үй қарызы, төлемді бөліп төлеу шартымен жасалған сатып алу-сату шарттары және кейіннен сатып алу құқығымен жалдау шарттары бойынша негізгі борышты ішінара немесе толық өтеуге бағытталуы мүмкін.