ҚТК Ақтөбе қаласындағы «Әлия» ТК нысаны бойынша кепілдік жағдайының туындағанын жариялады

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы (ҚТК, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) Ақтөбе қаласындағы Астана ауданы, Батыс-2 шағынауданы, 49 Л мекенжайында орналасқан «Әлия» тұрғын үй кешенінің құрылысы жобасы бойынша кепілдік жағдайының танылғаны туралы хабарлайды.

Уәкілетті компания «Әлия» ТК құрылысын шартта белгіленген мерзімде аяқтамауына байланысты (4, 5, 6 корпустар), сондай-ақ «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті компания 2025 жылғы 10 қазаннан бастап 2026 жылдың 10 сәуірге дейінгі кезеңде құрылыс мерзімін үш мәрте ұзарту құқығын пайдаланды. Қабылданған шараларға қарамастан, инжинирингтік компания мен ҚТК тарапынан объектінің құрылыс барысының мониторингі құрылыс-монтаждау жұмыстарының жеткіліксіз көлемін және объектінің белгіленген мерзімде пайдалануға беруге дайын естігін анықтады.

Көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігі туралы шарт бойынша үлескерлер алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында Компания Нысан құрылысын қайта жандандыруға бағытталған тиісті іс-шараларды бастайды. ҚТК жобаның іске асырылуын одан әрі бақылауды жалғастырып, реттеу үдерісінің барлық кезеңдерінде ашықтықты қамтамасыз етеді.