ҚЖК ҚР ИИДМ және Отбасы банкпен бірлесіп Ресей Федерациясының Президенттік резерві қатысушыларымен кездесу өткізді

2021 жылғы 18 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Ресей Федерациясының Президенттік резерві өкілдерімен кездесу және тәжірибе алмасу өтті.
«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев компанияның негізгі қызмет бағыттары туралы айтып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, ол «Ситуациялық орталық» және «Құрылыс материалдары маркетплейсі» сияқты іске асырылып жатқан жобалармен таныстырып, даму стратегиясы аясындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында «Отбасы банк» АҚ өкілдері де қолданыстағы бағдарламалар, пандемия кезеңіндегі қызметтерді цифрландыру тәжірибесі туралы айтып, жаңа өнім — «Baspana Market» онлайн-сервисін таныстырды.