Fitch Ratings (бұдан әрі – «Агенттік») «ҚЖК» АҚ-ның шетелдік және ұлттық валюталардағы ұзақ мерзімді эмитенттің дефолт рейтингтерін (ЭДР) «BBB-»-ден «BBB»-ге дейін көтеріп, «Тұрақты» болжамын берді.

Агенттік сондай-ақ Компанияның айналыстағы басым борыштық міндеттемелерінің ұзақ мерзімді рейтингін «BBB» деңгейіне дейін арттырды.

Өз кезегінде шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР «F3»-тен «F2»-ге дейін көтерілді.