«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ алаяқтық әрекеттердің күшейгені туралы хабарлайды

Құрметті клиенттер!
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы алаяқтық әрекеттердің белсенділігі артқанын хабарлайды.
Үшінші тұлғалардан күмәнді ұсыныстармен қоңыраулар түскен жағдайда келесі әрекеттерді жасамауға кеңес береміз:
— жеке деректеріңізді жарияламаңыз;
— компания кеңсесінен тыс жерде ешқандай шартқа қол қоймаңыз;
— өздерін компания қызметкерлері ретінде таныстырған тұлғалардың жеке шоттарына ақша аудармаңыз және бермеңіз.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі барлық рәсімдер тек компанияның арнайы кеңселерінде және тиісті тексеру рәсімдерінен өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Егер осындай жағдайлармен кездессеңіз, келесі телефон нөмірлері арқылы бізге хабарласыңыз: 88000804448, 8 (727) 344-12-00, немесе 8 700 344-12-92.

Компанияның аймақтардағы кеңселерінің тізімі, мекенжайлары мен байланыс деректері www.khc.kz сайтында орналастырылған.

Құрметпен,
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ

Фотогалерея