2022 жылдың 23 маусымында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» алаңында www.material.kz құрылыс материалдары маркетплейсінің таныстырылымы өтті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының құрылыс материалдарын өндірушілері, «ҚазНИИСА» АҚ өкілдері және басқа да мүдделі ұйымдар қатысты.
Онлайн-платформа заманауи және ыңғайлы интерфейске ие, кең функционалы арқылы құрылыс материалдарын өндірушілерге келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
• өндірілетін құрылыс материалдарын жариялау;
• «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Құрылыс компанияларының құрылыс материалдарына деген қажеттіліктер витринасына қол жеткізу (13.06.2022 ж. жағдай бойынша қажеттілік 47,18 млрд тг құрайды);
• «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы құрылыс материалдарына деген қажеттіліктер каталогына жазылу;
• «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Құрылыс компанияларына электронды коммерциялық ұсыныстар жіберу;
• жеке кабинет арқылы сатылымдарды талдау.
Құрылыс саласы өкілдерімен өткен кездесуде «ҚазНИИСА» АҚ мамандары құрылыс материалдарына, бұйымдарға, конструкцияларға, жабдықтарға, жиһазға және инвентарға арналған сметалық бағалар анықтамалығын таныстырды.
Адиль Жәрекенов, Quality Supply:
«Платформа өте жақсы. Біз сыбайлас жемқорлық құрамынан арылғымыз келе ме? Міне, сайт бар — сонымен жұмыс істеу керек. Өндірушілер үшін бұл шынымен де ыңғайлы. Барлығы нақты уақыт режимінде көрініп тұрады.»
Кенес Ғалиев, All PROF Telecom коммерциялық директоры:
«Бұл маркетплейс дер кезінде іске қосылды, отандық өндірушілерге зор қолдау және тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс. Біз не аламыз? Өндірушіге қолдау, тиімді баға, уақытылы жеткізуге сенімділік және жалпы қазақстандық бизнестің нығаюы.»