Digital Baiterek порталына модератор енгізілуі туралы хабарландыру

Құрметті клиенттер,

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (әрі қарай – Компания) Digital Baiterek порталында құрылыс аяқталуын кепілдікпен қамтамасыз етуге өтінішке құжаттардың толықтығын алдын ала тексеру функционалы енгізілгені туралы хабарлайды.

Компания модераторы көппәтерлі тұрғын үй жобасы бойынша берілген құжаттардың бекітілген тізімге сәйкес толықтығын тексереді.

Құжаттар толықтығы тексерілгеннен кейін құрылыс аяқталуын кепілдікке алу үшін өтінім автоматты түрде тіркеледі.