«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде өз облигацияларын орналастырды

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде өз облигацияларын орналастырды

2023 жылғы 9 маусымда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) Тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы сомасы 39 331 746 теңгеге меншікті облигацияларын (ISIN – KZ2C00007086) орналастырды.

Тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен (№69 хаттама, бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Компания Бағдарлама есебінен жалпы сомасы 6 969 млн теңгеге 1 018 қарыз алушыға көмек көрсетілді.