Сайт бета-тестілеу кезеңінде. Уақытша техникалық олқылықтар болуы мүмкін.

Шымкенттегі кешенді құрылыс бойынша алғашқы жоба ҚТК қаржыландыруына ие болды

Шымкенттегі кешенді құрылыс бойынша алғашқы жоба ҚТК қаржыландыруына ие болды

2025 жылы «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясымен» АҚ (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-тың еншілес ұйымы) іске қосқан кешенді құрылыс жобаларын дамытуға арналған жаңа бағдарлама аясында қаржыландырылған жоба жүзеге асырылуда.

Бағдарлама шеңберіндегі алғашқы жоба — құрылыс салушы «Kanfar Building» ЖШС және уәкілетті компания «Otbasy Satu» ЖШС жүзеге асырып отырған «Otbasy» тұрғын үй кешенінің III кезегі.

Тұрғын үй кешені Шымкент қаласы, Қ. Төлеметов көшесі, № 11/3 жер телімі мекенжайында орналасады. Жоба 12 тұрғын блоктан тұратын, 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын көздейді. Кешеннің жалпы ауданы 53 мың шаршы метрден асады. Төменгі қабаттарда коммерциялық үй-жайлар мен автотұрақтар орналастырылады.

Аталған тұрғын үй кешенінің іске асырылуы Қазақстанда кешенді құрылыс жобаларын қаржыландырудың жаңа тетігін қолданудың алғашқы практикалық үлгісі болмақ. Жоба заманауи қала тынысын дамытуға, аумақтарды кешенді игеруге және халық үшін сапалы инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.

Жоба аумақтарды кешенді дамыту стандарттарына сай келеді және тек тұрғын үй салумен шектелмей, қолайлы әрі қауіпсіз қала үлгісін қалыптастыруды көздейді. Тұрғын үй кешені маңында мектеп, қоғамдық көлік аялдамалары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және амбулаториялық медициналық орталықтары орналасқан. Жобада халықтың аз қимылдайтын топтары үшін кедергісіз орта және көгалдандырылған қоғамдық кеңістіктер қарастырылған.

Жобаның ерекше маңыздылығы — қаржыландыру бағдарламасы аясында пәтер қорының 30%-ына дейінгі бөлігі мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға бөлінеді.

Жобаны қаржыландыру ҚТК желісі бойынша жүзеге асырылады және құрылыс құнының жалпы көлемінің 30%-ына дейінін жылдық 12,6% мөлшерлемемен жабуды көздейді. Құрылысты аяқтау және нысанды пайдалануға беру 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

ҚТК алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының аумағында кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру тәжірибесін кеңейтіп, қалалардың орнықты дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етуді жоспарлап отыр.

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2429, 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz