Қарағанды облысында «Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Қарағанды облысында «Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Әкімдік Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының қатысуымен іске асырылатын «Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Өтінімдер 2026 жылғы 8 сәуірден бастап сағат 09:00-ден 2026 жылғы 17 сәуір сағат 17:00-ге дейін (қоса алғанда) Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 мекенжайы бойынша қабылданады.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады

Бағдарламаға Қарағанды облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар, оның ішінде Қарағанды облысы бойынша (азаматтардың барлық санаттары) тұрғын үй кезегінде тұрған әкімдіктердің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері қатыса алады.

Бағдарлама шарттары

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй

Жалға алу мерзімі: 20 жылға дейін

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%

Бастапқы жарна: қарастырылмаған

Жалға алу құны: 1 шаршы метр үшін 1 981,95 теңге

Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша сатып алу мүмкін

• Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді

Жоба туралы

Нысанның орналасқан жері – Саран қаласы, Химик шағын ауданы, №105, 106, 114, 115, 116, 116А, 118, 119, 120, 120А үйлер.

Барлығы 260 пәтер қарастырылған, оның ішінде:

• 1 бөлмелі – 56

• 2 бөлмелі – 105

• 3 бөлмелі – 99

Ай сайынғы төлемдер

1 бөлмелі (30,1–34,8 ш.м): 59 656 теңгеден 68 971 теңгеге дейін

• 2 бөлмелі (50,4–54,1 ш.м): 99 890 теңгеден 107 223 теңгеге дейін

• 3 бөлмелі (58,2–74 ш.м): 115 349 теңгеден 146 664 теңгеге дейін

Өтінімді қалай беруге болады

Өтінімді беру Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші көрсетілген бөлімге жүгініп, анкетаны толтыруы қажет.

Бағдарламаға қатысуға өтінімде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

Аты-жөні, ЖСН, туған күні, байланыс телефоны, жеке куәлік деректері, электрондық пошта мекенжайы және бөлме саны.

Анықтама телефоны: 8 775 363 33 30 Жедел желі: 8 (800) 080-44-48

Анықтама: «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы (ҚТК) тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтар үшін сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйді іске асыру жөніндегі операторлардың бірі болып табылады.

Жалдамалы тұрғын үй жобаларын іске асыру Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ тұрғын үй кезегінде тұрған мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілеріне және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 151 бұйрығымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен тұрғын үй құрылысын және (немесе) сатып алуды қаржыландыру, тұрғын үйге мониторинг жүргізу және Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарына тұрғын үйді өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz