Қостанай облысында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның қатысуымен іске асырылатын «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады
Өтінімдерді қабылдау сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Рудный қаласы, Космонавтов көшесі, 12 ғимарат, 414, 415 каб.
Кімдер қатыса алады?
Қостанай облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар, сондай-ақ әкімдіктердің Қостанай облысы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қызметкерлері мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері (барлық санаттар).
Бағдарлама шарттары:
- Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй
- Жалға беру мерзімі: 20 жылға дейін
- Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%
- Бастапқы жарна: қажет емес
- Жалға алу құны: 1 ш.м. үшін 2 076,67 теңге
- Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін
- Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.
Тұрғын үй нысаны туралы
Объектінің орналасқан жері – Қостанай облысы, Рудный қаласы, Качарская көшесі, 13 үй.
Барлығы 21 пәтер қарастырылған, оның ішінде:
- 1-бөлмелі – 10
- 3-бөлмелі – 11
Ай сайынғы төлемдер
- 1-бөлмелі (55,4 – 60 ш.м): 115 048-ден 124 600 теңгеге дейін
- 3-бөлмелі (93,8 – 99,9 ш.м): 194 792-ден 207 460 теңгеге дейін
Өтінімді беру тәртібі
Өтінім беру Рудный қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қатынастары бөлімінде жүзеге асырылады. Қатысу үшін үміткер көрсетілген бөлімге жүгініп, өтініш толтыруы қажет.
Анықтама телефоны: +7 (7172) 79-75-75 (қос. 2251, 2274, 2786)
Жедел желі: 8 (800) 080-44-48
Анықтама: «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК) – тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді іске асыру жөніндегі операторлардың бірі болып табылады. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілеріне және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй жобаларын іске асыру Республикалық бюджет есебінен тұрғын үй салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйді мониторингілеу және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.