Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысын қолдау мәселелері бойынша ҚТКның өңірлік құрылыс салушылармен кездесуі өтті

Петропавл қаласында тұрғын үй құрылысын қолдау мәселелері бойынша ҚТКның өңірлік құрылыс салушылармен кездесуі өтті

2026 жылғы 15 сәуірде Петропавл қаласында «Атамекен» ҰКП алаңында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның (ҚТК, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) өкілдері, өңірлік құрылыс салушылар, облыс әкімдігі және құрылыс саласы кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында ҚТК өкілдері тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған негізгі қолдау құралдарын, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысын кепілдендіру тетіктерін және кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстырды.

Сонымен қатар, үлестік тұрғын үй құрылысының «көлеңкелі» нарығы мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында үлескерлердің қаражатын заңды түрде тарту мақсатында ҚТК кепілдігі бар немесе жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты берілген тұрғын үйлердің жоқ екені атап өтілді.

Қатысушыларға Компанияның онлайн-порталы арқылы кепілдік алу шарттары түсіндіріліп, құрылыс жобаларын қаржыландырудағы жаңа тәсілдер, сондай-ақ реновация бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан қолдау шаралары таныстырылды. Өңірлік құрылыс салушылар үшін қолжетімді мүмкіндіктер мен Компаниямен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше екпін жасалды.

Іс-шара аясында ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұрғын үй құрылысын іске асырудың практикалық аспектілері бойынша нақты түсіндірмелер алды.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ тұрғын үй құрылысын дамытуға жәрдемдесу және нарық қатысушыларын қолжетімді қолдау құралдары туралы ақпараттандыру мақсатында өңірлерде осындай кездесулерді жалғастырады.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz

Фотогалерея